Ата-аналарға арналған ақпарат

Ата-аналарды бөбекжай-бақшаға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Ата-аналарды бөбекжай-бақшаның ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, балалардың шығармашылық жұмыстарына атсалысуға шақыру,отбасы және бөбекжай-бақша ынтымақтастығын жүзеге асыруларына жағдай жасалады. Мамандармен (психолог,логопед, тіл мамандары) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасалған. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен ой-өрісінің жетілуі,олардың физикалық даму мәселелері туралы ақпарат алуларына мүмкіндік берілген. Тәрбиеші мен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттері ұйымдастырылған. Педагогикалық білімдерін жетілдіру көрнекілік — үгіттеу жүйесі арқылы жүргізіледі: жылжымалы папкалар, видео фильмдер, жаднама-нұсқаулар, сурет көрмелері, ата-аналар бұрыштары және т.б.