Балабақша ережелері

1. Баланың бөбекжай-бақшаға таза киіммен келуі.
2. Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болуы керек.
3. Бөбекжай-бақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы сөрелерін
күнделікті ретке келтіріп отыруы керек.
4. Бөбекжай-бақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және қол орамалы болуы тиіс.
5. Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісімен және ата-аналарымен келісіледі.
6. Далада серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн.
7. Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.
8. Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болғаны жөн.
9. Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.
10. Баланың сөресінде міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер тұруы тиіс.

  • Дуйсенбаева Индира Турашовна

    Балабақша меңгерушісі

  • Ақпарат ағымы